384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда экспорттық әлеуеті жоғары кәсіпорын қатары артып келеді

  • 127
  • UPD: 21:32, 05.06.2019

Ертіс өңірінде экспорттық әлеуеті жоғары кәсіпорындар қатары артып келеді.

Бірақ шағын және орта бизнестің дамуына  әкімшілік кедергілер  көп.  Әсіресе отандық тауар өндірушілер өнімді экспортқа шығаруда шығынға батады. Осы және өзге де көкейкесті мәселелер «таңғыс ас» форматындағы кездесуде талқыға түсті.

Құбыр дайындау зауыты 10 жыл бұрын іске қосылған. Бірыңғай отандық шикізатпен жұмыс істейтін кәсіпорын жылына 10 мың тонна құбыр шығарып,  оны тапсырыс бойынша Қырғызстан мен Өзбекстанға жөнелтеді екен.  Қазір кәсіпорынның технологиялары ескірген. Ал, жаңғыртудан өткізуге  мемлекеттің қолдауы қажет. Бұл мәселе көп кешікпей шешімін табатын  сыңайлы.

Тұрар Жолмағамбетов, Қазақстан индустрия және экспорт орталығы басқармасы төрағасының орынбасары:

- Экспорттан басқа Павлодар құбыр прокаты зауыты инновациялық грант алуға өтініш, ұсынысын айтқан болатын. Өткен жылы ұсынған екен. Бізде инновациялық технология -деген грант бар. Осы технология бойынша біз кейбір қаражатты қайтаруға дайынбыз. Нақтырақ айтсақ, бұл 400-500 миллион теңгеге дейін. Бүгінгі күні біз осы кәсіпорынға көмектесуге дайынбыз.

Абай Арынғазин, құбыр илеу зауытының директоры:

- Мынау енді 400 миллиондай грант бізге жақсы көмек береді ғой. Біздің құбыр илеу зауытының жұмысын жаңа технологиялар, жаңа құбырларын өзгертуге. Неге десеңіз енді 10 жылда әжептәуір тозды.

Елімізде шағын және орта бизнесті дамытуға қолдау бар. Әйтсе де әкімшілік кедергілер  істі  оңға бастырмайды. Ал, ашық форматтағы мұндай кездесулерде қаржы институттары, билік өкілдері және бизнес қауымдастықтары өзара  пікір алмасып, ортақ шешімдерге келеді.

Әнуар Күмпекеев, қала әкімі:

- Бүгін, мысалы, 10 кәсіпкердің ішінен 7 сұрақты шешіп алдық. Жалпы міне қаламызда ең сондай күрделі мәселелер ол орталық жылу мәселесі және де жер бөлу мәселесі. Осы мәселер біздің бақылауымызда.

Ертіс өңірінде бизнесті қолдауға бағытталған тағы бір жоба жүзеге асып жатыр. Кәсіпкерлер сағатында бизнес жобалар ұсынылады. Бұл жолы автобус аялдамасының эскизін әкелген жас кәсіпкердің жобасы қолдауға ие болды.  

- Өте жақсы шешім. Аукционға қатысыңыз. Жеңіп шықсаңыз мен қолдау көрсетемін. Эскиз көңілімнен шықты.

Эдуард  Гусамов, кәсіпкер:

- Қазіргі заман талабына сай келетін дизайн. Қыста жылытылады, ал жаз мезгілінде салқындатқыш қосылады.

Павлодар облысы кәсіпкерлерден кенде емес. Алашық форматтағы кездесулер бизнес қауымдастығы мен атқарушы биліктің арасын жалғайтын алтын көпір іспетті.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Самат Оспанов, Алексей Омельницкий

Хабар 24 телеарнасы