382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда АИ-92 бензині арзандады

  • 59
  • UPD: 10:00, 06.06.2019
Қазақстанда АИ-92 бензині арзандады Автомастер

Қазақстанда АИ-92 бензині 2 теңгеге арзандады.

Ең ірі бес компанияның үшеуі АИ-92 маркалы бензинінің бағасын төмендетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz kolesa.kz сайтына сілтеме жасап.

Helios станцияларында 147 теңгенің орнына 145 теңгеге бір литр жанармай құюға болады. Sinooil 149-дан 145 теңгеге бағасын төмендетті. «Газпром» бекетінде бензин бағасы - 146 теңге. Есесіне «ҚазМұнайГаз» және Royal Petrol бекеттерінде баға өзгермеген. «ҚазМұнайГазда» - 149 теңге, ал Royal Petrol - 145 теңге.

Ал дизельдің бағасы еш өзгермеген. Royal Petrol АЖҚС дизельдің бағасы ең төмен. Онда дизельдің литрі 188 теңге. Helios және «Газпромда» дизель құны басқаларға қарағанда жоғары. Онда дизельдің литрі 193 теңге.

Хабар 24 телеарнасы