378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде квазисектордағы шығын көлемі 5 есе өскен

  • 94
  • UPD: 15:43, 06.06.2019

Парламент Сенатында Қаржы министрлігінің өкілдері бюджеттің орындалуын бақылау туралы есеп берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдің бас аудиторы Наталья Годунованың айтуынша, өткен жылы квазисектордағы шығын көлемі 5 есе өскен. Мәселен, «ҚазАгро» ұлттық компаниясының өзі жылына 120 млрд теңге жұмсайды екен. Алайда мемлекеттік қаражат шығындарын оңтайландыру бойынша қор қалыптасқан. Сол үшін мемлекет есебінен тұрғызылатын әлеуметтік нысандардың сметалық құнын теңестіру қажет. Өйткені құрылыс құны әр аймақта әртүрлі. Айырмашылық бірнеше ондаған миллион теңгені құрауы мүмкін. Сондай-ақ Есеп комитетінің өкілдері мемлекеттік қызметкерлерді бюджетті тиімсіз игергені үшін жауапкершілікке тарту қажеттігі туралы айтты.

Хабар 24 телеарнасы