384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде халықаралық экономикалық форум өтіп жатыр

  • 109
Ресейде халықаралық экономикалық форум өтіп жатыр

Петерборда халықаралық экономикалық форум өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы мамандар көлік дәліздерін салуға басымдық берген. Сессиялардың бірі Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында көлік инфрақұрылымын біріктіруге орайластырған. Осы тұрғыда сарапшылар Орал-Астрахань жол құрылысының басталуын атап өтті. Ол – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» бағдарының бір бөлігі. Бұл жол қай тарапқа да маңызды және экономикаға оң әсер етпек. Ол арқылы жүк Қара теңіздегі айлақтарға жеткізіледі. 

Сергей Катырин, РФ сауда-өнеркәсіп палатасының президенті:

– Әрине бұл – Қазақстанмен қатар Қытай және бүкіл Шанхай ынтымақтастық ұйымына маңызды жоба. Бірегей бастама Қытайдан Ресей арқылы Еуропаның түрлі елдеріне көлік дәлізін құруға мүмкіндік береді, экономикалық жағынан да тиімді. Қазақстан президенті осы жобаға қашан да жіті көңіл бөледі, бұл өте құптарлық іс. 

Владимир Норов, ШЫҰ бас хатшысы:

– Көлік инфрақұрылымын дамыту әрбір елдің өзекті міндеті, әсіресе теңізге шықпайтын Орталық Азия мемлекеттері үшін маңызды. Елдеріміздің көлік жүйесін жаңғырту һәм біріктіру алдағы 10 жылда жалпы ішкі өнімімізді екі есе арттыруға мүмкіндік береді. Сол себептен Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдарды жаңғыртып, жаңа көлік дәліздерін құру шешімі – өте өзекті әрі дер кезінде қолға алынып отырған шара.

Хабар 24 телеарнасы