382,75 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде өтіп жатқан экономикалық форумда жаһанның тұрақты даму тақырыбы талқыланады

  • 129
  • UPD: 23:39, 06.06.2019

Санкт-Петерборда өтіп жатқан халықаралық экономикалық форумда жаһанның тұрақты даму тақырыбы талқыланбақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

4 күнге жалғасатын бұл шара барысында бір мыңнан астам адам әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша баяндама жасайды. Форумның ашылу салтанатына БҰҰ Бас Хатшысы Антониу Гутерриш қатысты. Ол 2030 жылға дейінгі тұрақты даму саласындағы ұйым қабылдаған күн тәртібін еске салды. Бұл бағдарлама кедейлік пен аштыққа қарсы күрес, білім беру, экология және денсаулық сақтау салаларындағы мәселелерді шешу секілді ауқымды міндеттерді қамтыған. Сондай-ақ форумда халықаралық инфрақұрылымдық жобалар, дүниежүзілік мұхит қорларын сақтау, интернеттің заңнамалық реттелуі және әлемдік мұнай-газ саласын трансформациялау сынды тақырыптар талқыланбақ. Форумның алғашқы күні сөз алған Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисян Еуразиялық экономикалық одақ жұмысының алғашқы бес жылдағы жұмысын қорытындылады.

Тигран Саркисян, ЕЭК алқасының төрағасы:

– Еуразиялық экономикалық одақ құру идеясын Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған болатын. Осыдан дәл 25 жыл бұрын ол Мәскеу мемлекеттік университетінде осы бастаманы көтерген. Қазірде 50-ге жуық мемлекет пен ұйым одағымызбен тікелей экономикалық байланыс орнатуға мүдделі.

Хабар 24 телеарнасы