382,75 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бішкекте ЕАЭО парламент мүшелерінің форумы өтті

  • 71
  • UPD: 14:33, 07.06.2019
Бішкекте ЕАЭО парламент мүшелерінің форумы өтті

Бішкекте Еуразиялық экономикалық одақ парламентарийлерінің аймақтық форумы өтті.

Оған Одаққа мүше елдердің депутаттарымен қатар құрметті қонақтар ретінде Оңтүстік-Шығыс Азия және Африка елдерінің өкілдері қатысты. Басқосудың мақсаты ұйымға мүше елдер парламенттері жұмысының тиімділігін бағалайтын тетіктерді құру. Осы тұрғыда Қырғызстан депутаттары бұл  істі атқаратын бірыңғай еуразиялық алаң ашуды ұсынды.

Наталья Никитенко, Қырғызстан парламентінің депутаты:

- Бүгінде әлемдік қауымдастықта да, аймақтық деңгейде де Еуразиялық алаңды құруды талқылап отырмыз. Халықтың өкілі ретінде жауапкершілігімізді арттырады деген үміттеміз. Биліктің басты міндеті қалың жұртшылықтың сауалдарына сай әрекет ету болып отыр.

Хабар 24 телеарнасы