382,75 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕАЭО мен Қытай кеден арқылы өтетін тауар туралы ақпарат алмасады

  • 79
  • UPD: 14:50, 07.06.2019
ЕАЭО мен Қытай кеден арқылы өтетін тауар туралы ақпарат алмасады

Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Қытай кеден арқылы өткен тауарлар мен көліктер туралы ақпарат алмасу жөнінде келісім-шартқа қол қойды. 

Құжат Петербург халықаралық экономикалық форумында қабылданды. Келісім-шарт кедендік операцияларды жеделдету және Еуразиялық одақ аймағына қауіпті немесе тыйым салынған тауарлардың енуінің алдын алуға бағытталған. Осымен бірге форумда одақ елдерінің сарапшылары мен саясаткерлері бас қосып, интеграцияның перспективалы бағыттарын талқылады. 

Әлихан Смайлыов, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:

- Біз ішкі ортақ нарықта бір-бірімізбен бәсекелес болмаудың қажеттігін және ұжымдасу мен интеграциялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқыладық. Меніңше, стратегиялық тұрғыдан осы бағытта бірігіп жұмыс істеуіміз керек.

Виктор Христенко, ЕАЭО іскерлік одағының президенті:

- Өзара сауданы ұлғайту және үшінші елдермен қатынастарға қатысты барлық көрсеткіштер оң. Олар орта есеппен алып қарағанда кез келген әлемдік көрсеткіштен жақсы. Бұл интеграцияның өз жемісін беріп жатқанын көрсетеді. Бастысы одаққа мүше елдердің экономикалық әл-ауқатын көтеруге көмектеседі.

Хабар 24 телеарнасы