382,75 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үкіметте 2019 жылдың 5 айы қорытындыланды

  • 123
  • UPD: 13:57, 11.06.2019

2019 жылдың 5 айында жалпы ішкі өнім өсімі 4 процентке жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал инфляция деңгейі 5,3 проценттің шамасында сақталып тұр. Бүгін 2019 жылдың 5 айын қорытындылаған Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов осылай деді. Сала жетекшісінің айтуынша, инвестиция көлемі де артқан. Бір ай бұрын бұл көрсеткіш 6,7 процент болса, қазір 7,8 процентке жетіпті. Өзге салаларға қарағанда ауыл шаруашылығы мен құрылысқа тартылған қаражат 1 жарым есе көбейген. Жалпы министр қаңтар мен мамыр айларының аралығында көптеген көрсеткіштің жақсарғанын айтты. 

Руслан Дәленов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

– Артта қалған көрсеткіштер бойынша экономика салаларында бақылауды арттыру. Екіншіден, инвестициялық жобалар шеңберінде инвестицияларды тарту бойынша жұмысты күшейту. Үшіншіден, «Экспортты ілгерілету жаңа жол картасын» іске қосу және оның іс-шараларын іске асыруды жандандыру. Төртіншіден, азық-түлік тауарларына, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалардың маусымдық төмендеуі кезеңінде бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша бақылауды қамтамасыз ету. Бесіншіден, бюджет қаражатын тиімді игеруді жүзеге асыру қажет.

Хабар 24 телеарнасы