382,75 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміз бойынша ең арзан жанармай қай өңірде сатылады

  • 467
  • UPD: 16:08, 11.06.2019
Еліміз бойынша ең арзан жанармай қай өңірде сатылады

2019 жылдың алғашқы 5 айында 36,5 млн тонна мұнай мен конденсат өндірілді. Бұл 5 айға қойылған жоспардан 101% жоғары.

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, үш ірі жоба бойынша мұнай өндіру көлемі 21,7 млн тоннаны құрады. Оның ішінде Қашағанда 4,24 млн тонна, Теңізде 12,48 млн тонна және Қарашығанақта 4,97 млн тонна мұнай өндірілген.

«Жалпы биылғы мұнай өндіру жоспары орындалады. Мұнай экспортының көлемі 29,1 млн тоннаға жетті. Бұл - 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 95,4% артық. Ал, мұнай өңдеу көлемі шамамен 6,7 млн тоннаны құрады. 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,1% жоғары. Өндірілген мұнай өнімдерінің көлемі 5,07 млн тоннаны құрайды. Бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14% жоғары», - деді Қанат Бозымбаев ҚР Үкіметі отырысында.

Жалпы мұнай өнімдері нарығындағы жағдай тұрақты. Жанар-жағармай тапшылығы жоқ. «5 маусымдағы жағдай бойынша, Аи-92 маркалы бензиннің орташа бағасы: бір литріне - 148,7 теңге, ал маусымаралық дизель отынының бағасы - 192 теңге. Сонымен қатар, Aи-92 маркалы бензин бағасының төмендегені байқалады. Мәселен, Аи-92 маркалы бензинге ең төменгі баға Батыс Қазақстан облысында 139 теңге болса, дизель отынға ең төменгі баға Түркістан облысында 175 теңге», - деді министр.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы