382,75 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде бес айда өнеркәсіп өндірісі 2% өсті

  • 93
  • UPD: 23:11, 11.06.2019
Елімізде бес айда өнеркәсіп өндірісі 2% өсті

Қазақстанда 2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2%-ға артты.

Есепті кезеңде кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазу өндірісі 0,7%, өңдеу өнеркәсібінде 3,6%, электр қуаты, газбен, бу беру және ауа баптауда 1,3% -ға өсті. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті хабарлады.

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі және қалдықтарды жинауда көрсеткіш 10,1% -ға артты. Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында металл кендерін өндіру ұлғайды. Азық-түлік өнімдері, сусындар, мұнай өңдеу, рәзіңке және пластмасса өнімдері мен машина жасау өндірісі артты. Темекі мен қара металлургия өндірісі төмендеді. Атап айтқанда, 2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында мұнай конденсатын қоса алғанда, мұнай өндіру көлемі 36,5 млн тоннаны құрады (2018 жылдың қаңтар-мамырымен салыстырғанда 3,2% -ға), мыс кендері  46,7 млн тонна (+ 12,8%). Бензиннің көлемі 1,6 млн тоннаны (+ 12,6%), газ 2 млн тоннаны (+ 13,1%) құрады. Өнеркәсіп өндірісінің артуы еліміздің 11 өңірінде байқалды.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы