388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дариға Назарбаева бюджет заңнамасын жетілдіру жөніндегі кеңес отырысына қатысты

  • 326
  • UPD: 23:36, 13.06.2019

Дариға Назарбаеваның жетекшілігімен бюджет заңнамасын жетілдіру жөніндегі кеңестің екінші отырысы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов пен қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыру және ұлғайту жөніндегі мемлекеттік органдардың ұсыныстары туралы баяндады. Жиында салықтарды реттеу, шетелдік компаниялардың кірісін бақылау, салық және кеден саласындағы әкімшілік бағытты жетілдіру мәселелері талқыланды. Сенат төрағасы бірқатар сын-ескертпелер мен ұсыныстар айтты. Дариға Назарбаева бірінші кезекте есеп комитетін күшейту және экономикалық тергеу қызметінің тиімділігіне орай талдау жасалуы керек деп санайды. Айтуынша, субсидиялар, жеңілдіктер мен преференциялар саясатына деген көзқарасты да түбегейлі өзгерту қажет. Әрі заңды түрде бекіту керек. Жиында салықтық және кедендік жұмыстарды ақпараттандыру туралы да ұсыныс айтылды.

Хабар 24 телеарнасы