386,44 428,48 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан Қытай нарығына алғаш рет балмұздақ шығара бастады

  • 411
  • UPD: 10:39, 14.06.2019

Елімізде жыл сайын 40-тан астам экспорттаушы қаржылық және сервистік қолдау алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

2018 жылдың қорытындысы бойынша экспорттаушыларға 107 млрд теңгеден астам қаржылай көмек көрсетілген.

Қазақстан Қытай нарығына алғаш рет балмұздақ шығара бастады. Мемлекет отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетуде.

Еліміздің индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Склрядың айтуынша, экспортты дамыту мақсатында бөлінген қаражат бірнеше бағытты қамтиды. Мысалы тауарларды сақтандыру мен кепілдік беру көлемін ұлғайтады. Экспорттаушыларға сервистік қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ шетелдік нарықтың алшақтығы да ескерілген. «Осы ретте биыл алғаш рет көлік шығындарын өтеу қарастырылған. Оның ішінде өнімді темір жол арқылы немесе көлікпен тасымалдау үшін шығындардын өтеу көзделеді», – деді ведомсвто басшысы.

Қытай өзінің технологиялық компанияларына жаңа сауда алаңын ашты. Бұл туралы South China Morning Post ақпараттық агенттігі хабарлайды. Бұған Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысының Huawei сынды алып компаниялардың жұмысына ықпал етуі себеп болған. Жаңа алаңның мақсаты – технология саласында талапты қытайлықтарға инвестиция тартып, дамуға мүмкіндік жасау. Ондағы сауда қашан басталатыны әлі белгісіз. Бірақ жүйе іске қосылғаннан кейін 20-дан астам компания бір ай көлемінде листинг жүргізеді деп күтілуде. Айта кетейік, Шанхай биржасы қазірдің өзінде алты компанияның акциясын шығаруға келіскен.

Оңтүстік Кореяның инвесторлары Түркістан облысында 7,4 млрд теңгенің күн электр станциясын салмайды. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы хабарлады. Корея Республикасының құйған қаражатына Бәйдібек ауданында «жасыл жоба» іске асырылуы тиіс еді. Алайда «Қазіргі уақытта инвесторлар тарапынан қызығушылық болмағандықтан, оңтүстіккореялық компаниялардың жобасы жүзеге асырылмайтын болды», – деп түсіндірді басқармадағылар.

Қазақстандықтар азық-түлікке 1 трлн теңгеден астам қаржы жұмсаған. Жыл басынан бері елімізде бөлшек сауда айналымы шамамен 4 трлн теңге жеткен. Былтырғы кезеңмен салыстырғанда көрсеткіштер біршама өскен деп хабарлайды LS агенттігі. Жалпы сауда айналымындағы азық-түлік тауарларының үлесі 32% асады, ақшаға шаққанда шамамен 1,3 трлн теңге. Ал азық-түлік емес тауарлардың көлемі 67% құрады. Биыл сауда саттық жүйесінде  жеке кәсіпкерлер мен қала базарларына қарағанда, бөлшек сауда кәсіпорындарының үлесі артық.

Отандық қор биржасындағы доллар құны – 384 теңге 51 тиын. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 385-386 теңгеге алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы