389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның 18 млрд доллар сомасындағы мүддесі қорғалды

  • 249
Қазақстанның 18 млрд доллар сомасындағы мүддесі қорғалды inform.kz

Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің шотынан заңсыз бұғатты алып тастауға қол жеткізді.

«2003-2018 жылдары мемлекеттің 18 миллиард доллар сомасында қаражат көлеміндегі мүддесі қорғалды. Сонымен бірге, Bank of New York Mellon-нан Қазақстан Ұлттық банкінің 21,5 млрд доллар сомасындағы заңсыз бұғаты алынып тасталды. Келтірілген зиянды төлету бағытында жұмыс жүргізіліп жатыр», - деді Марат Бекетаев халықпен есеп беру кездесуінде. Оның айтуына қарағанда, қазіргі таңда үш заң жобасы бойынша жұмыс жүргізілуде. «Олар әкімшілік құқықбұзушылық үшін санкцияны жеңілдетуге, сот пен мемлекеттік орган арасындағы лауазымдарды шектеуге, әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді электронды форматқа көшіруге бағытталған», - деді министр.

Ақпарат көзі: inform.kz

Хабар 24 телеарнасы