382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияның іскер қауым өкілдері президент сайлауының сәтті өтуімен құттықтады

  • 60
  • UPD: 20:02, 14.06.2019

Жапонияның іскер қауым өкілдері қазақстандықтарды президент сайлауының сәтті өтуімен құттықтады.

«Токио Роуп» халықаралық компаниясының президенті Казунори Сато, жаңадан сайланған Мемлекет басшысы Қазақстанның бұған дейінгі жүйелі даму жолын жалғастырады деген сенімде. Жалпы Жапония Қазақстан экономикасына ең көп инвестиция құйған жеті елдің бірі. 

Казунори Сато, Tokyo Rope International президенті:

- Инвесторлар үшін саяси тұрақтылықтың маңызы зор, бұл инвестиция салудағы басты бағдар. Осының арқасында Алматыда зауыт салуға мүмкіндік алдық. Бүгінде  ол  жүйелі жұмыс істеп тұр. Елдеріңізде кәсібіміздің ауқымын кеңейту жоспарымызда бар.  Қазақстан мен Жапония арасында жақсы қарым-қатынас қалыптасқан. Қазақстанның жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты ынтымақтастығымызды нығайтуға бағытталған саясатты  одан әрі нығайта түсетіндігіне сенімдіміз.

Хабар 24 телеарнасы