383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Отандық тауар өндірушілер жаңа нарықты бағындыруда

  • 195
Отандық тауар өндірушілер жаңа нарықты бағындыруда

Ауғанстан пойыздары қазақстандық рельстермен жүреді.

Отандық тауар өндірушілер жаңа нарықты бағындыруда. Былтыр Кабулда өткен сауда-экономикалық форумының нәтижесінде бастапқы 330 тонна өнім жеткізілген болатын. Бұл көрсеткіш жыл соңына дейін 5 мың тоннаға дейін ұлғаймақ. Теміржол саласында құрылысы қарқынды жүріп жатқан Ауғанстан еліне экспорт көлемі алдағы уақытта да артуы тиіс. Бұдан бөлек Ақтөбедегі өндіріс орны Батыс Еуропа елдерімен да келіссөздер жүргізіп жатыр. Кәрі құрлықта қолданылатын «60-Е-1» стандартты рельсіне сертификаты алынған соң отандық тауар Еуроодақ елдеріне де жеткізіледі.

Ербол Мергенов, Рельс-Арқалық зауытының бөлім басшысы:

– Зауыт жылына 430 мың тоннаға дейін дайын тауар өндіруге қауқарлы. Қазір біздің зауыт Ресей, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан және Грузияға тауар тасымалдайды. Украина және Батыс Еуропаның бірқатар елімен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Жаңа үлгідегі рельс өндірісін игеріп, жыл соңына дейін Еуропа нарығына шығуды жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы