389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Honeywell корпорациясымен Қарашығанақ жобасындағы жергілікті құрамды дамыту туралы келісілді

  • 263
  • UPD: 22:37, 20.06.2019

«Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясы мен Honeywell корпорациясы Қарашығанақ жобасындағы жергілікті құрамды дамыту мақсатында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. 

Осы келісім шеңберінде Honeywell өз бренді мен технологиясын қолданып, қондырғыларды құрастыруды жолға қоймақ. Сонымен қатар бірлескен консорциум құрылса, қазақстандық компания технологиялық тұрғыдан күрделі жұмыстарға атсалысады.

КПО мен Honeywell компаниялары ұзақ жылдан бері бірге еңбек етіп келеді. Honeywell цифрлық жүйесі арқылы Қарашығанақ жобасындағы өндірістік процестер қашықтан басқарылады. Меморандум бойынша тұтас өндірістік кластерді дамыту үшін шетелдік және отандық компаниялар арасында бірлескен жобалар ашу ұсынылмақ.

Марат Кәрімов, «КПО Б.В» компаниясы бас директорының орынбасары:

- Соңғы 3 жылда біздің компания бұрын шетелде жасалатын 22 тауар түрін қазір Қазақстанда алып отыр. Бүгінгі меморандумның маңызы біз үшін өте зор. Honeywell компаниясы экономиканың әр саласына қызмет көрсетеді және де дүние жүзіндегі ең ірі 100 компанияның бірі болып табылады. Меморандум шеңберінде Honeywell өзінің сервис орталығын ашып өнімдерін Қазақстан территориясында шығаратын болады.     

Honeywell корпорациясы өндірістік технологияларды енгізумен қатар, аэроғарыш техникасын және өнеркәсіп саласына арналған басқару жүйесін жасап шығарады. Корпорация енді Қазақ-британ техникалық университетімен бірге Алматыда студенттерге арналған жаңа аймақтық автоматтандыру орталығын құрмақ.

Джон Рудольф, Honeywell Process Solutions бөлімшесінің президенті:

- КПО-мен әріптестік орнату арқылы Қазақстанның заманауи технологияларға сай Индустрия 4.0 өңдеу өнеркәсібін қолдайтынымызды білдіреміз. Бұл кәсіпорындардағы қауіпсіздікті күшейтіп, сенімділігін арттырады, табысты көбейтеді. Кәсіпорын жұмысын талдап, сараптама жүргізіп, технологияны қадағалап отырамыз.

Тараптар бұл меморандум Қазақстанның жоғары технологиялық және сервистік әлеуетін арттыру үшін КПО жасаған басты қадам деп санайды.

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Қанат Махмұтов

Хабар 24 телеарнасы