384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан жуырда жанармай экспорттауды бастайды

  • 230
  • UPD: 23:45, 20.06.2019

Елімізде жанармай арзандаған. АИ-92 маркалы бензин бағасы былтырғы кезеңмен салыстырғанда шамамен 7 процентке, АИ-95, АИ-96 маркаларының бағасы шамамен 4 процентке дейін төмендеген.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, жаз басталғалы дизель отынының құны да біршама арзандап, литрі  191 теңгеге саудаланып отыр. Есептік кездесуде ведомство басшысы жанармай экспортына да тоқталды.

«Осы айдан бастап Еуразиялық экономикалық одақ арқылы бензин экспортына жол ашылды. Жақын күндері қазақстандық жанармайдың алғашқы партиясын алыс шетелге жіберу жоспарланып отыр» деді министр.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

- Шетелге шығарылатын АИ-92 маркалы бензин 60-70 мың тонна болса, АИ-95-тің көлемі бастапқыда 10-15 мың тонна шамасында болады деп күтілуде. Бүгінгі таңда шетелдік контрагенттермен қазақстандық бензинді жеткізу бойынша келісімшарттар жасалып жатыр. Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы серіктестеріміз – Беларусь пен Қырғызстан қазақстандық мұнай мен мұнай өнімдерін сатып алуға мүдделі. Бірақ біз реэкспорттың мүмкін емес екендігін ескеріп, нақты талаптарымызды қойдық. Себебі бүгінде одақ аясында жеткізілетін тауарларға баж салығы салынбайды.

Хабар 24 телеарнасы