389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елдегі орташа айлық несие көлемі – 15 мың теңге

  • 471
  • UPD: 16:01, 21.06.2019

Еліміздегі қаржылық ұйымдардың шамамен 420 млрд теңге көлеміндегі несиесі реттелмей келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал екінші деңгейлі банктер бойынша 3,6 трлн тг қаражат толық бақылаудан тыс қалып отыр. Осыған байланысты қаржы нарығын реттеу және дамыту, кішігірім қаржылық қызмет пен салық салу жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы ұсынылды. Парламент Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында құжатты Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков таныстырды. Оның айтуынша, елдегі кейбір қаржылық ұйымдар жіті бақылауға алынбаған. Олардың ішінде ломбардтар, несие беру серіктестіктері мен онлайн-несиелендіру агенттіктері бар. Осыған байланысты халықаралық тәжірибелерге сай, несие алушылар мен тұтынушылардың мүдделерін қорғауға басымдық берілмек.

Олег Смоляков, ұлттық банк төрағасының орынбасары:

– Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметіне түрлі қаржылық ұйымдарды бақылау мен тұтынушылар құқығын қорғау міндеті кіреді. Ал Ұлттық банктің функциясында валюталық реттеу, ақшалай несиелік саясатты жүргізу, төлем жүйелерін дамыту қызмет түрлері қалады. Бүгінде несиені жиі тұтынатын азаматтардың орташа айлық төлемі 8 мың теңгеге жуықтайды. Ал жалпы ел бойынша бұл көрсеткіш шамамен – 15 мың тг. Біздің мақсат – ірі көлемдегі несиені төлеуге қалтасы көтере бермейтін азаматтарға несие берілмеуін қамтамасыз ету.

Хабар 24 телеарнасы