389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл мұнай өндіру көлемі 89 млн тонна болады

  • 465
  • UPD: 16:11, 21.06.2019

Маусым айынан бастап бензин экспорты ашылды.

Аи-92 бензинінің 70 мың тоннасы, Аи-95 маркалы бензиннің 15 мың тоннасы экспортталады. Аталған екі марканы өндіру ішкі тұтынудан 20-30 пайызға артық болған. Жалпы, өткен 5 айда 36, 5 млн теңге мұнай өндіріліп, жоспар 101 процентке орындалған. Оның басым бөлігі Теңіз, Қашаған мен Қаршығанақтағы кен орындарында өндірілген. Қашағанда жөндеу жұмыстары жүргізілігеннен кейін, өндіру көлемі тәулігіне 400 мың баррельге жетіпті. «Бұл – рекордтық көрсеткіш», – дейді энергетика министрі Қанат Бозымбаев. Ал Теңіз кен орнындағы кеңейту жұмыстары аяқталған кезде өндіру көлемі жылына бірнеше есеге артады. Министрдің айтуынша, мұнай өндіруде жоғарыда аталған 3 кен орнының үлесі 60 процентті құрайды. Тек Теңіздің өзінде қазақстандық 45 мың адам жұмыс істейді.

Қанат Бозымбаев, ҚР энергетика министрі:

- Биылғы мұнай өндіру жоспары 89 млн тонна көлемінде. Қашағанда ағымдағы жылдың 14 сәуір-19 мамыр аралығында жөндеу жұмыстары 10 күн бұрын аяқталды. Теңіз және жерүсті құрылыстарында техникалық жұмыстар жүргізілді. Алдағы уақытта Теңіз кен орнында кеңейту жұмыстары аяталғанда, 2024 жылы өндіру көлемі жылына 39 млн тоннаға дейін артады.

Энергетика министрінің мәліметінше, Сарыарқа газ құбырының 420 шақырымы дәнекерленіп, жұмыс 40 процентке аяқталып тұр. Бұл газ желісі іске қосылған кезде елордамен қатар Қарағанды, Теміртау, Жезқазған. Сәтпаев, Саран мен Шахтинск қалаларының 171 елді мекені газбен қамтамасыз етіледі. Жалпы, 2019 жылдың соңында елімізде газдандыру көрсеткіші 50 проценттен асады деп күтілуде. 13 өңірде 100-ден астам жоба іске асырылып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы