384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қаржы министрлігі: Бюджеттік шешімдердің нәтижесінде 138 млрд теңге тиімсіз жұмсалған

  • 291
  • UPD: 18:36, 21.06.2019

Парламент қос палатаның бірлескен отырысында өткен жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы Үкімет пен Есеп комитетінің есебін бекітті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаржы министрі экономикада тұрақты өсім барын айтты. Министрдің мәлімдеуінше, бюджеттің басым бөлігі әлеуметтік салаға жұмсалды. Алайда кемшіліктердің де орын алғанын жасырмады. Кейбір бюджеттік шешімдердің нәтижесінде 138 млрд теңге тиімсіз жұмсалған.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда бюджеттің әлеуметтік бағыты сақталды. Жалпы алғанда осы мақсатқа 4 трлн теңгеден астам қаражат жұмсалды. Олардың жартысынан көбі әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз етуге бөлінді. Бұл ретте сапасыз бюджеттік шешімдер де болды. Соның нәтижесінде 138 млрд теңге тиімсіз игерілген. Сенаторлар енді мұндай жайттарға жол бермеу керектігін айтып, оны шешу жолдарын ұсынды. Атап айтқанда, субсидиялау, несиелеу, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына ерекше назар аудару қажеттігін айтты.

Ольга Перепечинаның айтуынша, ел бюджетін орындауға байланысты мәселелер жылда көтеріледі. Сондықтан Қазақстанның бюджет және салық заңнамасына өзгерістер енгізу қажет және оны мүмкіндігінше тезірек жасау керек. Өйткені мемекеттің қаржысы мемлекеттік міндеттемелерге тәуелді болып қалды.

Ольга Перепечина, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Әрине Үкімет тиісті шараларды қабылдап жатыр. Десе де бюджетті жоспарлау мен қаржының жұмсалуына сыни тұрғыдан қарау керек деп есептеймін. Бұл бюджеттегі процестерді жақсартуға көмектеспек.

Экономикада өсім бар, дейді сенаторлар. Дегенмен өткен жылы коммерциялық банктердің салықтық төлемдері 2017 жылға қарағанда 11 процентке аз болды. Бұл ретте қаржы институттарының төлемдері барлық салықтық түсім мен төлемдердің екі бүтін оннан екі пайызын құрады. Сондықтан осыған да көңіл бөлген жөн.

Әзірге экономиканы әртараптандыруды ілгерілетуді кезең-кезеңмен іске асыру керек. Экономикалық өсу және бюджетке кірістердің өсуі әлі күнге дейін, шикізат секторы мен әлемдік нарық конъюнктурасына байланысты. Шикізатты қайта өңдеуге, құн салығы қосылған өнімдер мен тауарларды шығаруға тиісті көңіл бөлінбейді. Қазақстан бүгінде еларалық бәсекеге қабілеттілікті дамытуға қабілетті экономиканы басқарудың жаңа моделін қажет етеді.

Мұндай бірлескен отырыстар диалогты орнатуға зор мүмкіндік береді. Сенаторлар министрлік өкілдерін сұрақтың астында қалдырды.

Михайл Бортник, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Мемлекет пен жекеменшік әріптестіктің нәтижесінде тиімді жұмыс істеп жатқан жобаларды білеміз. Десе де, инвесторлардың жауапкершілігін көтеру үшін, олардың келісімшартта көрсетілген өз міндеттерін орындау үшін қандай қосымша шаралар қолға алынып жатыр?

Руслан Дәленов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

– Осы жылы бұл жұмысты үйлестіруге барынша назар аударып жатырмыз. Әзірге өз міндетінен бас тартқан инвесторлар жоқ. Бірақ біз оның алдын алуымыз керек деп есептеймін. Екі арадағы тепе-теңдіктің сақталуы тиіс. Жобалардың нақты жүзеге асуын бақылауда ұстаймыз.

Жиында отандық автоөнеркәсіптің дамуы мен тұрғындардың темір тұлпарларды сатып алу жайы да тыс қалған жоқ. Бүгінде жергілікті өндірістің жеңіл автомобильдерін сатып алуға негізгі кедергі – несиелік ресурстардың жетіспеушілігі. Көлікке деген сұраныс өсуде, ал қаржыландыру көлемі халықтың қажеттілігін қанағаттандыра алмай отыр.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрі:

– Былтыр 3 мың 200-ге жуық автокөлікке Үкіметтің жеңілдетілген несиесі берілді. Биыл бұл көрсеткіш 5 есеге артпақ. Яғни отандық жаңа автомобильді несиеге алуға мүмкіндік жасалады.   

Сенаторлар транферт бөлу шараларының қалай жүргізіліп жатқандығын да сұрап білді. 

Нұрлан Бекназаров,ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Бюджетті нақтылау процесі біршама уақытты алғанын ескере келе, алдағы уақытта оның мерззімін қысқарту жоспарларыңызда бар ма? Бар болса, ол қашан нақты іске асырылады?

Әлихан Смайылов, ҚР Қаржы министрі:

– Нысаналы транферттердің жергілікті бюджеттердің шығыстар базасына кіргізу жағын қарастырып жатырмыз.

Депутаттық корпус гранттық қаржыландыру мәселесін де қозғады. Бұл – қашан да өзектілігін жоймаған тақырып.

Сергей Ершов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Үкіметтің қаулысына сәйкес ҮЕҰ гранттық қаржыландыру саласындағы оператор «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Ол мониторинг жүргізіп мемлекеттік гранттардың жүгезе асырылуын бақылауы тиіс. Міндеттері нақты заңмен белгіленген. Сауалым бұл мониторинг іс жүзінде жүзеге асырылады ма? Бұл біздің қоғамға не берді? Нақты әсері қандай? 2018 жылы республикалық бюджеттен қанша грант бөлінді және оны қанша ҮЕҰ алды?

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

– 2018 жылы шамамен 30 жобаға 200 млн теңге қаржы бөлінді. Жалы 1 млрд теңгеден астам қаражат бөліну керек еді. Оның 800 млн теңгесі Астана Банкінен. Айта кетейін, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығында басшылық ауысты. Қазір сіз айтқан мәселелерге қатысты іс-шаралар қолға алынып жатыр.

Сенаторлар медицинаға қатысты жайттарды да назардан тыс қалдырмады. Мәселен «Денсаулық» бағдарламасы ана мен бала өлімін төмендете алмаған. Сергей Ершов бұл мәселені шешу үшін қандай шаралар қабылданатынын сұрады. Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, бір себеп - кадр тапшылығы.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

– Осы жылдан бастап қабылданған заңға сәйкес мемлекеттік грант бойынша оқыған жоғары оқу орындарының түлектері аймақтарға міндетті түрде бөлінеді. Бүгінгі таңда бұл жұмыс бастап кетті. Түлектердің 72 процентінің қайда барып жұмыс істейтіні белгілі.

Ал Дүйсенғазы Мусин еліміздің агроөнеркәсіп кешеніне инновацияны енгізуге қызығушылық білдірді. Атап айтқанда, қаржыны бақылау мәселесі.

Дүйсенғазы Мусин, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Есептік жылда ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығының жарғылық қорын ұлғайтуға 4 бүтін оннан бір млрд теңгенің 2 бүтін оннан тоғыз млд теңгесі немесе 70 проценті не себептен игерілмеді?

Нұрлан Қылышбаевтың Ауыл шаруашылығы министрлігіне көңілі толмайды. Өз сауалын бірнеше мәрте жолдағанын да айтты.   

Жалпы сенаторлардың айтуынша, өткен жылы Қазақстанда базалық капиталға салынған инвестициялар 17 пайызға артты. Бұл экономиканың барлық салаларын дамытуға ықпал етті.

Хабар 24 телеарнасы