384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде ЕАЭО құрылуының бес жылдығына орай жиын өтті

  • 175
  • UPD: 12:50, 22.06.2019
Ресейде ЕАЭО құрылуының бес жылдығына орай жиын өтті

Ресей сауда-өндірістік палатасында бәсекелестік пен монополияға қарсы реттеу саласына арналған дөңгелек стол өтті.

Бұл  еуразиялық жобаның 25 жылдығы мен Еуразиялық экономикалық одақ құрылуының 5 жылдығына орайластырылған шара болды. Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Серік Жұманғариннің мәлімдеуінше, одақтың басқарушы органы осы саладағы басты мақсаттарды белгіледі.  Бұл міндеттерге одаққа мүше бес елдің интеграция ауқымын кеңейту, Еуразиялық экономикалық одақтың осы саладағы заңдылығын әлемнің озық үлгілеріне сәйкестендіру және іскер қауымның Комиссия жұмысы жөнінде білім деңгейін көтеру кіреді. 

Серік Жұманғарин, Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі:

- Біздің ЕАЭО бизнесі біздің жұмысымыз туралы көп білмейді. Бұларда ақпарат жоқ, сондықтан қазір біраз түсіндіріп, жұмыс жасауымыз керек. Бұл қазір жоспарымызда бар. Бүкіл елдерді аралап, астаналарды ғана емес, бүкіл қалаларды, бизнеске бағыттарымызды, құзырымызды, өкілеттігімізді, бәрін түсіндіреміз.

Хабар 24 телеарнасы