384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде қаржы секторын реттейтін жаңа агенттік құрылады

  • 184
  • UPD: 17:44, 24.06.2019

Елімізде қаржы нарығын реттеу және дамыту, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғаумен айналысатын жаңа мемлекеттік орган құрылады.

Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа агенттік республикалық бюджет есебінен қаржыландырылып, ҚР президентіне тікелей есеп беретін болады.

Агенттік Ұлттық банкті қайта ұйымдастыру арқылы құрылады. Оның барысында қызметтер, өкілеттіктер мен штат бірліктері қайта бөлінеді. Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында құрылатын мемлекеттік органда 500 адам еңбек етеді деп жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы