383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі барлық ақылы жолда жеңіл көлік төлемақысы қымбаттады

  • 166
  • UPD: 09:04, 25.06.2019

Еліміздегі барлық ақылы жолдарда жеңіл автокөліктер үшін төлемақы қымбаттады.

Бұрын мәселен, елордадан Бурабайға немесе Қарағандыға дейін жүргізушілер 200 теңге төлейтін болса, қазір бұл төлем екі есеге өскен. Алайда онлайн төлесеңіз, тариф бұрынғы қалпында сақталады. 

Дамир Берікұлы, тілші:

- Елорда мен Бурабай курортты аймағын жалғап жатқан бұл жолдың ұзындығы 200 шақырым. Ол 2013 жылы пайдалануға берілген болатын. Содан бері мұндағы тариф бірде-бір рет өзгерген емес. Ал, осы тарифтің өзгеруін қарапайым халық қалай қабылдап жатыр? Оны жүргізушілердің өздерінен сұрап білсек.

Ұлан Смайылов, жүргізуші:

- Мен қазір Қарағандыдан келе жатырмын. Нұрсұлтан қаласына кіреберісте 400 теңге төледім. Енді міне, тағы 400 теңге бергелі тұрмын. Бұл әрине қымбат. Ал біз секілді үлкен кісілер онлайн төлемді өздері жасай алмайды. Бізге қолма-қол төлеген ыңғайлы. 

Жаңашылдық пен жаңа тариф үлкен кісілерге ғана емес, жастардың өзіне оңай соғып жатқан жоқ. Себебі жүргізушілердің көбі қолма-қол төлемге үйреніп қалған.

Ердігүл Қабди, жүргізуші:

- Мысалға, біз бүгін Нұрсұлтан қаласынан келе жатырмыз. Біз бүгін ғана білдік жол төлемақысының қымбаттағанын. 19-ынан бастап 400 теңгеге көтерілді деді, бағасы. Бұл әрине ыңғайлы шығар. Десе дағы көлік жүргізушілерінің көбі үлкен адамдар, ер азаматтар. Соларға ауыр тиюі мүмкін деп ойлаймын. Әрине жастарға ыңғайлы, заманауи ақпараттық технологияны меңгергендіктен. Ал үлкен кісілерге қиын болуы мүмкін.

Осындай білместік пен түсінбестіктің салдарынан қазір төлем терминалдарының алдында ұзын-сонар кезек пайда болды. Алайда салаға жауаптылар жаңа жүйе осындай ыңғайсыздықтарды жою үшін жасалып отыр дейді. Себебі әсіресе жаздыгүні кептеліс жиі болады.

Ұлан Әліпов, «Қазавтожол» ҰК АҚ басқарма төрағасы:

- Алдын ала төлемді көбірек таныстыру үшін, сосын жол пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін осы дифференциалды тарифті енгізіп жатырмыз. Бізде мына бұйрықта осы жолдың тұратын тұрақты адамдарға барлық жолдарда енгізілген арнайы абоненттік төлем бар. Ол абоненттік төлем жолдың бойында тұратындарға жылына 1 мың теңге. 

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан-Щучинск тасжолынан жыл сайын 1 млрд теңгеден астам табыс түседі. Ал елімізде аталған жолдан бөлек, Нұр-Сұлтан-Теміртау, Алматы-Қапшағай және Алматы-Қорғас автожолдары да ақылы. Ал келесі жылы тағы 5 мың шақырымдай жол ақылы болмақ.

Авторлары: Дамир Берікұлы, Анатолий Полянный, Евгений Шинкаренко

Хабар 24 телеарнасы