383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лицензия алмастан халыққа кредит беріп отырған ұйымдар әшкереленсін – Экономист

  • 170
  • UPD: 09:46, 28.06.2019

Тұтынушылық несие бойынша берешекті мемлекет есебінен өтеудің әлеуметтік салдары басым дейді экономист мамандар.

Себебі несиенің торына тұтылған жағдайы төмен отбасылар көп. Ендігі кезекте мұндай мәселе қайталанбас үшін өзін қаржы несие ұйымы ретінде таныстырып отырған, бірақ  мемлекеттен, Ұлттық банктен арнайы лицензия алмаған ұйымдарды әшкерелеп, солардың жұмыстарын тоқтату керек дейді сарапшы Мақсат Халықов.

Мақсат Халықов, экономист:

- Қаржы несие ұйымдарына оның ішінде шағын несиелік ұйымдарға алданып қалған көптеген азаматтар бар, соның зардабында жүрген. Соларға бірінші кезекте бұл оң әсерін тигізеді деп айтықым келеді. Менің әріптестерім арнайы талдау жүргізген. Соның нәтижесіне қарасақ осы шағын несие ұйымдары қаншама азаматтар несие қайтара алмай отырса да қазір табыстың үстінде отырғанын растап отыр. Cебебі олар азаматтарға өте үлкен процент қойып отыр деген сөз.

Хабар 24 телеарнасы