389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лондонда Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері паш етілді

  • 264
  • UPD: 12:29, 29.06.2019

Лондонда «Дамушы және тәуекелділігі жоғары нарықтар» тақырыбында өткен халықаралық экономикалық форумда Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері паш етілді, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Қазақстандық тараптың халықаралық конференцияға қатысуы заңды. Өйткені Bloomberg инвестициялық мүмкіндіктерімізді бүкіл әлемге паш ете алады. Нәтижесінде бизнесмендердің қызығушылығы артып, еліміз аймақтағы жетекші қаржы хабы мәртебесіне ие болады.

«Астана» қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов «Инвестиция салудағы тың тенденциялар: кім жеңеді және неге?» тақырыбында өткен пікірталасқа қатысты. Жиынға қатысушылар, бейнелеп айтқанда, Нұр-Сұлтандағы күн райынан бастап қаржы құятындарға қандай жеңілдіктер қарастырылғанын, әсіресе салықтағы жеңілдіктер жайындағы ойын зор ынтамен тыңдады.

Қайрат Келімбетов, АХҚО басқарушысы:

– «Астана» халықаралық қаржы орталығының моделі жиналғандар үшін өте қызықты тақырып дер едім. Өйткені орталық жалпы ағылшын заңдылықтары бойынша жұмыс істейді, инвестициялық дауларды шешу институтымыз қалыптасқан, батыс технологияларына негізделген жаңа биржамыз бар және елімізде жекешелендіру процесі жүріп жатыр.

Шараға көптеген мемлекеттердің сонымен қатар ірі инвестициялық және қаржы ұйымдарының өкілдері қатысты. «Бір белдеу, бір жол» Қытай бастамасына Қазақстанның қатысу және араласу деңгейі қаншалықты екендігі де көпшілікті мазалады.

Соня Гиббс, халықаралық қаржы  институты бөлімінің аға директоры /АҚШ/:

– «Бір белдеу, бір жол» бастамасы – өте маңызды және амбицияға толы, мақсаты мол жоба. Дамушы және тәуекелділігі жоғары нарықтар үшін Қазақстанның әлеуеті әсіресе жоғары. Тұрақты дамуға қол жеткізу үшін оларға міндетті түрде жергілікті инфрақұрылымға ақша құю қажет болады. 

Бүгінгі таңда Қазақстанда Bloomberg корпорациясы тек медиа-бизнес саласымен ғана емес, мемлекеттік және жеке сектормен де тығыз қарым-қатынас орнатып келеді. Біздің ел Bloomberg үшін ұтымды алаң болып отыр. Өйткені компания Қазақстан арқылы орталықазиялық аймақтың кез келген нүктесіне тікелей шыға алады.

Авторы: Ғалымжан Қараманұлы

Хабар 24 телеарнасы