384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кореялық корпорация еліміздегі өндірістік кәсіпорынға инвестиция салуға дайын

  • 210
  • UPD: 00:19, 30.06.2019

Оңтүстік Кореяның ірі корпорациясы Қазақстандағы трактор құрастыру зауытына инвестиция кұюға дайын.

Бұл туралы Сеулдегі елшіміз Бақыт Дүйсенбаевтың компания басшылығымен кездесуінде мәлім болды. Трактор зауыты Түркістан облысында екі мың он бесінші жылдан бастап жұмыс істейді. Алғашқы екі жылда сонда ауылшаруашылық техникаларының жүз жиырма данасы шығарылған. Бірақ сұраныстың төмен деңгейі және қаржыландыру проблемалары өндіріске әсер етті. Сеулде өткен келіссөздерде Корпорацияның  аға вице-президенті Грег Нам бастапқы кезеңде маркетингке және тракторларды өткізуге инвестиция кұйылады деп айтты. Сонымен қатар корпорация зауытта жұмыс істейтін қазақстандық қызметкерлерді тәжірибе алмасу үшін Кореяға әкелуге дайын. Осы сұрақтарды талқылау үшін жуық арада кореялық автоөндіруші Нұр-Сұлтанда келіссөздер өткізеді. 

Грег Нам, корпорацияның аға вице-президенті:

- Бастапқыда біз бір мың тракторды шығарып кейін өндірісті он мың данаға дейін кеңейтеміз. Сол үшін сұраныс пен мүмкіндіктері бар деп ойлаймын. Біз үшін Қазақстан – жақсы нарық, ал Қазақстан үшін ауылшаруашылық саланы дамыту мүмкіндігі.

Хабар 24 телеарнасы