388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Astana Finance Days негізгі бөлігі 2 шілдеде өтеді

  • 287
  • UPD: 18:21, 01.07.2019

Астана Халықаралық Қаржы Орталығы Бюросында сараптамалық алаң өз жұмысын бастады.

Екінші мәрте ұйымдастырылып отқан «Астана Файненс Дэйс» конференциясы шеңберіндегі шараның басты бөлігі ертең өтеді. Оның негізгі мақсаты - халықаралық капитал нарықтарына шығу және шетелдік инвестицияларды тарту мүмкіндігін қарастыру. Сондай-ақ семинар отандық компаниялардың мамандары үшін АйПиО саласындағы тәжірибелік «воркшоптар сериясынан» тұрады.

Семинарлар бағдарламасы IPO саласына қатысты өзекті мәселелерге, қоғам нарығына шығу үдерісіндегі компаниялардың проблемаларына және АХҚО сарапшылары ұсынуға әзір шешімдерін қамтиды. Тыңдаушылар алдында Қазақстанмен қатар, Ұлыбритания, Австралия, Франция, Италия елдерінің сарапшылары ақпараттық сессиялар, воркшоптар мен жергілікті қаржы нарығы туралы өзекті тақырыптарға арналған ашық дәрістерін оқыды.

Ернұр Рысмағанбетов, АХҚО басқарма төрағасының орынбасары:

- Бізде көптеген проекттер бар. Тек қана Қазақстанда емес, Орталық Азияда көптеген проектерге инвестиция қажет. Ол бір жағынан, екінші жағынан инвесторлар бар жаңағы проект іздеп жүрген. Сол инвесторлармен проектерді қарасақ, көптеген жобалар әлі жетілмеген дә. Өйткені олар халықаралық деңгейдегі проектерге жету керек. Сол проектерді қалай халықаралық деңгейге жеткізуге болады. Қалай халықаралық инвесторларды шақырып, өз проектімен жұмыс істеуге болады. Сол туралы ең бірінші күні қазір тренинг өтіп жатыр.

Сараптамалық іс-шара қаржы орталығының алаңы арқылы өңірлерге инвестиция тартуға және инвесторлардың үміттерін басқару, қаржы нарықтарын реттеу, тараптардың мүдделерін қорғау мен инвестициялық сауаттылықты дамыту мәселелерін қоса алады. Жинақталған халықаралық және жергілікті тәжірибе компаниялардың қор нарығына шығуы, жекешелендіру процесі мен өңірдің ұлттық және жеке компанияларының капиталын тарту, сондай-ақ отандық кадрларды кәсіби даярлау үшін қажет.

Эдуард Кан, ұлыбританиялық компанияның аймақтық өкілі:

- Шараға 70-тен астам елдің өкілдері қатысып жатыр. Тартылуы мүмкін инвестиция көлемі 200 млрд доллардан асады. Бұл өте ірі жоба. Қазақстан да осыған етене атсалысуда. Жоба шеңберінде логистикалық хаб салынып, зауыттар мен электростансалар салынады. Бірқатар мемлекет қызығушылық танытып отыр.

Шет елдерден 300-ге жуық маман тіркеліпті. Олар әлем экономикасында соңғы 10 жылда болған өзгерістерді саралап, болашақта жоспарды тиімді құрудың тетіктерін талқыға салады. Осылайша, жиынның бірінші күні жас компаниялар мен халықаралық инвесторлар арасында байланыс орнатуға бағытталды. Олар қаржы саласы, компанияларды инвесторлармен үйлестіру IPO-ны жаһандық сатылымға шығару бойынша біліктілігін арттырады.

Мейірлан Алтынбек, тілші:

- Жалпы қазір осы семинар аяқталуға жақын. Астана Файненс Дэйс шарасының негізгі бөлігі ертең яғни екінші шілде күні жалғасып, 4 шілдеде аяқталады. Айта кетейік, жалпы осы семинар Астана қаржы күндерінің аясында алғаш рет өткізіліп жатыр.

Авторлары: Мейірлан Алтынбек, Ғани Алшынбаев

Хабар 24 телеарнасы