389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі екінші деңгейлі банктердің несиелік проценті қымбат – Экономист

  • 250
  • UPD: 20:55, 01.07.2019
Еліміздегі екінші деңгейлі банктердің несиелік проценті қымбат – Экономист

Қаржы тапшылығына тап болған табысы төмен отбасылар шарасыздан несие алуға мәжбүр.

Бұған халықтың қаражат жұмсауда ысырапшылдығын қосыңыз. Екінші деңгейлі банктердің несиелік пайызы да жоғары екенін айта кету керек. Сондықтан осындай күрделі жағдайда Президент Тоқаевтың көп балалы отбасылар мен жағдайы төмен отбасылардың несие проблемасын жеңілдету жөніндегі шешіміне көпшілік риза. Алайда бұл игілікті істен тәлім алу керек. Экономика ғылымдарының докторы Рахман Алшанов осылай дейді.

Рахман Алшанов, экономика ғылымдарының докторы:

- Үнемдеу керек дегендей. Басқаша ойлау керек. Нарық заманына байланысты. Әйтпесе бәрін жұмсап жіберіп несие алады да дым болмағаннан кейін Үкімет маған әкеп берсін дейді. Үкімет қайдан алады? Жоқ нәрсені. Алдың ба шығынды мойныңа алдың ба оны өте. Алма әйтпесе. Сол сияқты бұл жерде көп проблемалар бар. Елімізде  жаңа кезең келді. Жаңаша ойлау керек, жаңаша өмір сүру керек дегендей. Жаңаша мәдениет керек, экономикалық мәдениет керек. Экономикалық сана сезім керек дегендей.

Хабар 24 телеарнасы