Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық компаниялардың халықаралық IPO нарығына шығуына жағдай жасалады

  • 181
Қазақстандық компаниялардың халықаралық IPO нарығына шығуына жағдай жасалады

Осы мақсатта кәсіпорын мамандарына кешенді оқу семинарлары өткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған елімізден бөлек алыс-жақын шет елден 50-ден астам адам қатысты. Тыңдаушылар алдында Қазақстан, Ұлыбритания, Австралия, Франция, Италия елдерінің сарапшылары ақпараттық сессиялар, воркшоптар мен жергілікті қаржы нарығы туралы өзекті тақырыптарға арналған ашық дәрістерін оқыды.

Ернұр Рысмағамбетов, «АХҚО әкімшілігІ» АҚ төрағасы орынбасары:

- Орталық Азияда инвестицияны қажет ететін көптеген жобалар бар. Бір жағынан инвесторлар бар жобаларды іздеп жүрген. Инвесторлар мен жобаларды қарасақ, көптеген проектілер әлі жетілмеген. Өйткені олар халықаралық деңгейдегі жобаларға жету керек. Оны қалай жеткізуге болады. Инвесторлармен қалай жұмыс істеуге болады. Сол туралы қазір тренинг өтіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы