384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үкімет резерві 72, 9 млрд теңгеге ұлғайтылады

  • 170
  • UPD: 13:50, 02.07.2019

Үкіметтің резервтік қоры 72, 9 млрд теңгеге ұлғайтылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты. Яғни, халықтың кредиттік жүктемесі бойынша борышын өтеуге қомақты қаржы бөлінеді. Аз қамтылған отбасы балаларына қосымша 5 мың грант бөлу қарастырылып отыр. Яғни, 2,4 млрд теңге жұмысшы мамандығына оқып жүрген студенттердің шәкіртақысын 30 процентке көбейтуге жұмсалады. Барлығы 122 мың студент қамтылады деп жоспарланып отыр. 50 млрд теңгеге жуық ақша «Бастау бизнес» жобасы арқылы жұмыспен қамту және «Еңбек» бағдарламасы бойынша ауылдарға кредит пен гранттар көлемін ұлғайтуға бағытталады. Сондай-ақ қаржының бір бөлігі Арыс қаласындағы төтенше жағдайдың салдарын жоюға жұмсалатын болды. Жалпы, Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин әлеуметтік шаралардың көмекке мұқтаж жандарды қамтуға бағытталғанын баса айтты.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрі:

- Қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту менің жұмысымның негізгі бағыты болып табылады. Президент бірқатар әлеуметтік шараларды қабылдады. Оларды іске асыру азаматтардың әлеуметтік проблемаларын шешіп қана қоймай, өзінің материалдық жағдайын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Сондықтан қазір біздің алдымызда тұрған міндет- оларды уақытылы орындау үшін барлық ұйымдастыру және жанамалық мәселелерді шешу.

Хабар 24 телеарнасы