389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Astana Finance Days форумында білім беру саласы талқыланды

  • 253
  • UPD: 17:50, 02.07.2019

Астана файненс дэйс форумы аясында бүгін білім және ғылымға арналған екі бірдей жиын өтті.

Астана халықаралық қаржы орталығының алаңында үш панельдік сессиядан тұратын финтех саммиті ұйымдастырылды. Оларда негізінен әлемдік трендтердің Орталық Азияға әсері қарастырылды. Бұдан бөлек, Бірінші қазақстандық ЭдТех 2019 форумында  білім беру саласын дамытуға мүдделі тараптар: халықаралық сарапшылар, әлемнің алпауыт компанияларының өкілдері, жергілікті министрлік пен жоғарғы оқу орындарының қызметкерлері, ғылымды қаржыландыруға ниетті инвесторлар өзара ой бөлісіп, пікір алмасты. Бұл жиында адам капиталы, 4-ші өндірістік революция жағдайындағы білім беру, заманауи педагогикалық реформалар сияқты мәселелер жан жақты талқыланды. «ЭдТеx» форумының басты мақсаты - қарқынды дамып келе жатқан жаңа теxнологияның әлемдегі білім беру жүйесіне әсерін анықтау. Сондай-ақ оқыту бағдарламаларының тиімділігін арттыру.

Мақсұтбек Айтмағамбет, форумға қатысушы:

–  Қазақстанда 7042 мектеп бар. Ұстаздардың басым көпшілігі қалада жұмыс істегісі келеді. Себебі үздік білім беру мекемелері ірі шаһарларда орналасқан. Дегенмен, мамандар баруға асықпайтын шағын қалалар да бар. Міне, соларға жылдамдығы жоғары интернет тартып, онлайн-оқыту дәрістерін ұйымдастыру керек. Неге дейсіз ғой? Себебі білім беру жүйесі біртіндеп оқытушы-оқушы формуласынан ажырап бара жатыр. Өздігінен білім алатындар көбейді. Бұл қосымша оқу болғанымен, мектептегі білімнен кем емес. Әлемдегі өзгерістер мұны көрсетіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы