389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«ҚазАгро» холдингі екі жылдан бері шығынмен жұмыс істеп келеді

  • 236
  • UPD: 21:58, 02.07.2019

«ҚазАгро» холдингін дамыту үшін жыл соңына дейін жаңа стратегиялық бағдарлама қабылданады.

Құжат қазір әзірленіп жатыр. Анығы, аталған акционерлік қоғам екі жылдан бері тек шығынмен жұмыс істеп келеді. Себебі екінші деңгейлі банктер ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге несие бермейді. Бұл туралы бүгін республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің отырысында айтылды. Шығынға батудың тағы бір себебі - холдингтің еншіліс ұйымдары әлсіз корпоративтік басқару салдарынан кей активтердің тиімсіз орындалуына жол берген. Мәселен, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» елордалықтарды экологиялық өніммен қамтамасыз ету үшін жалпы құны 8,8 миллиард теңге болатын 3 жобаны қаржыландырған. Бірақ үшеуі де жүзеге аспады. 392 миллиард теңгеден асатын квазимемлекеттік сектор активтері тиімсіз пайдаланылған. Мұндай мысалдар жеткілікті. Сондықтан «ҚазАгроны» дамытатын жаңа құжат қажет.

Рүстем Құрманов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:

- Соңғы жасалған шараларға тоқталсам. Қазагро доллар, еуродағы облигацияларын жапты. Ашық валюталық позициясын тоқтатты. Енді осыған сәйкес біз жаңа холдинг қалыптастырмақпыз. Атап айтсам, 2020-2029 жылдарға арналған жаңа стратегиялық бағдарлама әзірлеп, таяуда Үкіметке жолдаймыз. Жыл соңына дейін жаңа құжат қабылданады. Тиісінше кейін ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерлерді қаржыландыру бағытында өзгерістер болады.

Хабар 24 телеарнасы