388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АХҚО жанынан қор биржасы құрылады

  • 271
  • UPD: 21:58, 02.07.2019
АХҚО жанынан қор биржасы құрылады

Астана халықаралық қаржы орталығының жанынан толыққанды қызмет көрсететін қор биржасы пайда болды.

Аstana International Exchange мамандары қазір шеттен инвестиция тартуға білек сыбана кіріскен. Бұған қоса, басқа қор биржаларымен тығыз қарым-қатынас орнатып, бизнес өкілдерімен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Осындай кешенді шаралардың арқасында Аstana International Exchange нарықтағы өз орнын белгілеп, экономикалық өсім қалыптастырмақ. Бұл жөнінде AIX басқармасының төрағасы Тим Беннет мәлімдеді.

Тим Беннет, AIX басқармасының төрағасы:

- Биржамыздың құрылғанына бір жылға жетер-жетпес қана уақытөтті. Алда атқарылар жұмыстар өте көп. Біз өз нарығымызды ұлғайтып, өнім көлемін арттырғымыз келеді. Осыған байланысты нақты 3 бағытты айқындап, сол  бойынша кешенді жұмыстарды бастадық.

Хабар 24 телеарнасы