389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Халықаралық сарапшылар АХҚО әлеуетін талқылады

  • 357
  • UPD: 14:52, 03.07.2019

Әлемнің сақа сарапшылары «Астана» халықаралық қаржы орталығының әлеуетін талқылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиынға отандық және шетелдік мамандар қатысты. Олар орталықтың құқықтық қызмет көрсету мүмкіндігін және алдағы уақытта жүзеге асуы мүмкін жобалар жайын ортаға салды. Сарапышлар осыдан 1 жыл бұрын құрылған орталықтың аз уақытта біраз жетістікке жеткенін атап өтті. Ондағы заң саласындағы білікті мамандар кәсібиліктерін дәлелдеп үлгерген. Қазір «Астана» халықаралық қаржы орталығында 200-ге жуық компания бар. Оның 20-сы заңдық тұрғыда кеңес берумен айналысады.

Нұржан Қосбаев, АХҚО әкімшілігінің атқарушы директоры:

– «Астана» халықаралық қаржы орталығында қызметкерлердің жайлы жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалған. Олар ЭКСПО кешеніндегі кеңселерде отырады. Жақын күндері мұндағы компаниялар санын 250-ге жеткізуді жоспарлап отырмыз. Олардың дені Қазақстанда өз жобаларын жүзеге асыратын ірі инвесторлар болады. 

Эндрю Олдланд, АХҚО құқықтық консультациялық кеңесінің төрағасы:

– «Астана» халықаралық қаржы орталығының әлеуеті зор. Біріншіден, мұнда бизнес жүргізу үшін қолайлы орта қалыптасқан. Қазақстанға көптеген инвестиция тартуға болады. Екіншіден, орталықта биржа бар. Ол арқылы кез келген адам ірі компаниялардың акцияларын сатып алып, табыс таба алады.

Хабар 24 телеарнасы