384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы Қанат Бозымбаевты қабылдады

  • 194
  • UPD: 18:30, 03.07.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Президентке ОПЕК кездесуінің қорытындылары және мұнай өндірісін шектеу туралы келісімге қол қойған ұйымға кірмейтін мұнай өндіруші елдер жөнінде мәлімет берілді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысына Қазақстанның мұнай өндіруші елдердің ынтымақтастық хартиясына алдын ала қол қойғаны және мұнай өндіруші елдердегі жағдай, «Теңіз» кең орнындағы қазіргі ахуал, шетелдік компаниялармен жұмыс жөнінде баяндалды.

Хабар 24 телеарнасы