383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан Президенті Citigroup банкінің басшылығына ризашылық білдірді

  • 208
  • UPD: 21:35, 03.07.2019

Қазақстан Президенті Citigroup банкінің үкіметтер мен мемлекеттік сектор жөніндегі жаһандық блогының басшысы Джули Монакомен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қасым-Жомарт Тоқаев EXPO-2017 көрмесіне және Астана халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің жұмысына белсенді қатысқаны үшін Citigroup басшылығына ризашылық білдірді. Сондай-ақ аталған банктің Қазақстанға инвестиция тарту және инновациялық жобаларды жүзеге асыру ісіндегі үлесін жоғары бағалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Біз еліміздің орнықты экономикалық дамуын қамтамасыз етуді қалаймыз және экономиканы әртараптандырып жатырмыз. Бұл оңай міндет емес. Оның барлық қиындығын түсінеміз. Citigroup компаниясымен осы бағыттағы тығыз ынтымақтастығымызды жалғастыра бергіміз келеді.

Джули Монако, Citigroup банкінің үкіметтер мен мемлекеттік сектор жөніндегі жаһандық блогының басшысы:

- Бізді қабылдағаныңыз үшін алғыс айтқым келеді. Бұл - біз үшін үлкен мәртебе. Сондай-ақ әріптестік байланыс орнатқаныңызға алғыс білдіреміз. Сити Citigroup Қазақстан маңызды нарықтардың бірі.

Хабар 24 телеарнасы