389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев ExxonMobil Production Company президентімен кездесті

  • 374
  • UPD: 23:39, 03.07.2019

Мемлекет басшыс Қасым-Жомарт Тоқаев ExxonMobil Production Company президенті Нил Даффинмен екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет басшысы жемісті ынтымақтастық үшін ризашылық білдіріп, Қазақстанның бұл компаниямен көмірсутек жобалары бойынша тығыз жұмыс істеп жатқанын айтты. Сосын ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі тиімді шараларды әзірлеуге бүгінгі кездесудің жақсы мүмкіндік беретінін айтып, туындаған мәселелерді келісіп шешудің маңыздылығына назар аударды. Өз кезегінде, Нил Даффин шетелдік инвесторлар кеңесі Қазақстанның шетелдің бизнес өкілдерімен диалог орнатуы үшін маңызды алаң екенін атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы