384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Astana Finance Days аясында ірі халықаралық қаржы орталықтарымен келісімдер жасалды

  • 178
  • UPD: 23:40, 03.07.2019

Өңірлерге инвестиция тарту, қаржы нарығын реттеу, тараптардың мүдделерін қорғау мен инвестициялық сауаттылықты дамыту.

Осы мәселер биыл екінші мәрте ұйымдастырылған Astana Finance Days конференциясында қаралып жатыр. Шара барысында шетелдік инвесторлармен және бірқатар ірі халықаралық қаржы орталықтарымен келісімдер жасалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Astana Finance Days форумының ауқымы кең. Халықаралық қаржы орталығында үш күннен бері әлемдік экономиканың бағыт-бағдары мен оны дамытудағы өзекті мәселелер талқыланып жатыр. Еліміз үшін халықаралық нарыққа шығу мен шетелден инвестиция тарту аса маңызды. Осындағы келіссөздер нәтижесінде 15 шетелдік инвестор жобаларға қатысуға дайын екендіктерін білдірген.

Нұрсұлтан Серікбай, АХҚО бизнесті дамыту тобы басшысының орынбасары:

- Бүгін және ертең 100 ден астам кездесу өтеді деп жоспарлап отырмыз. Олардың қатарында әлемге танымал Goldman Sachs, China Development сияқты компаниялар бар. Қаржы орталығы инвесторларға барынша жағдай жасауға ұмтылады. Олардың қызығушылық танытып отырған жобалары екі жаққа да тиімді екенін айтқым келеді.

Форумда экономика саласындағы жетекші сарапшылар, бизнес өкілдері, ғалымдар мен мемлекеттік қызметкерлер бір алаңда бас қосты. Қатысушылар қаржы нарықтарын реттеу, тараптардың мүдделерін қорғау мен инвестициялық сауаттылықты дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасып, пікірлерін ортаға салды.

Нұрсұлтан Серікбай, АХҚО бизнесті дамыту тобы басшысының орынбасары:

Қаржы орталығы құрылғалы бері бір жылда  жаһандық индекс бойынша 51-ші орынға жайғасты. Ал Орталық Азия мен Шығыс Еуропа елдері арасында біріншіміз. Осы қарқында жұмыс жалғасатын болса, көп ұзамай жаһандағы ең озық инвестициялық орталықтардың бірі болмақ.

«Астана» қаржы орталығы исламдық қаржыландыру, адам капиталы, инновация және цифрландыруды дамыту мен стартап-жобаларды қолдайды. Қазірдің өзінде мұнда 200-ге жуық компания тіркелген.

Хабар 24 телеарнасы