384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дунга кен орнының өнімін бөлу туралы келісімшарт мерзімі 15 жылға ұзартылды

  • 192
  • UPD: 18:38, 04.07.2019

Бүгін премьер-министр Асқар Мамин мен Total компаниясының барлау және кен өндіру жөніндегі президенті Арно Брeйяктің арасында келіссөздер өтті.

Кездесудің қорытындысында аталған ұйым мен Энергетика министрлігінің басшылығы Дунга және Абай жобалары бойынша құжаттарға қол қойды. Уағдаластыққа сәйкес, Дунга кен орнының өнімін бөлу туралы келісімшарттың мерзімі 2024 жылдан 2039 жылға дейін, яғни 15 жылға ұзартылды. Бұл қосымша 9 миллион тоннаға жуық мұнай өндіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар тараптар Дунга кен орнын игерудің 3-фазасын іске асыру туралы келісімге келді. Нәтижесінде инвесторлар бұл фазаға 300 миллион долларға жуық қаражат бағыттайды. Нәтижесінде қара алтын өндіру көлемі ұлғаяды.

Қанат Бозымбаев, ҚР энергетика министрі:

– Мұнайдың өндіру көлемі жылда 20-25 пайызға өсетін болады. Тағы бір жаңалық, мұнайдың 15 пайызын біздің зауыттарға жіберетін болады. Бұрын ондай болмаған бұл келімсімшартта. Және де тиісті шекаралас жатқан кен орындарымен бірлесіп, сол мықты инфрақұрылымды пайдаланып, синергия эффектін жасайтын болады.

Арно Брёйяк, Total компаниясының барлау және кен өндіру жөніндегі президенті:

– Келісімді 2039 жылға дейін ұзартудың нәтижесінде Маңғыстау облысында мұнай өндіру саласында қосымша жаңа жұмыс орындары пайда болады. Компаниямыз Қашаған кен орнындағы жұмысты да жалғастыра береді.

Хабар 24 телеарнасы