384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АХҚО-ға тағы 50 компания қосылады

  • 258
  • UPD: 18:17, 04.07.2019

«Астана» халықаралық қаржы орталығы компаниялар санын көбейтуді көздеп отыр.

Бірнеше компаниямен қажетті келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұл туралы орталық басқарушысы Қайрат Келімбетов айтты. Қазір орталықта  200-ге жуық компания бар. Оның жиырмасы заңдық тұрғыда кеңес берумен айналысады. Қаржы орталығы бүгін Astana Finance Days шарасын қорытындылады. Шара барысында шетелдік инвесторлармен және бірқатар ірі халықаралық қаржы орталығымен келісімдер жасалған. Шетелдік сарапшылар бірнеше күн бойы әлемдік экономиканың бағыт-бағдары мен оны дамытудағы өзекті мәселелерді бірлесе талқылады. Оның ішінде елге инвестиция тарту бағыттары айтылды. Орталықтағы келіссөздер нәтижесінде 15 шетелдік инвестор жобаларға қатысуға дайын екендігін айтқан. 

Қайрат Келімбетов, АХҚО басқарушысы:

– Ресейдің орта бизнесі тарапынан халықаралық қаржы орталығына орналасуға қызығушылық бар. Оның себебі – Ресейдің қаржы биржасына тек ірі компаниялар қатыса алады. Ал Батыс және Шығыс қаржы нарығын тартуға біздің мүмкіндігіміз жетеді. Оның ішінде Шанхай нарығы бар. Жалпы, халықаралық қаржы орталығын құрудағы басты идея бұл қаржы институттарын тарту еді. Кез келген қаржы институтында қосымша компаниялар болады. Олар сол институттың жұмысына көмектеседі.

Хабар 24 телеарнасы