389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Инвестициялар тарту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

  • 303
  • UPD: 20:07, 10.07.2019

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен Инвестициялар тарту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Жиында талқыланған басты мәселе Қазақстанға құйылатын қаржы ағынын арттыру. Сондай-ақ басқосуда көтерме саудамен және тауар таратумен айналысатын орталықтар желісін дамыту мәселесі қаралды. Бұл ретте, елімізде алдағы жылдары 8 өңірлік тарату орталығынан тұратын арнайы желі құру жоспарланып отыр.  Олар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Семей, Көкшетау, Атырау және Ақтау қалаларында болады. Жоба баға тұрақтылығын қамтамасыз етіп, әлеуметтік маңызы бар тауарларға алыпсатарлардың үстеме баға қосуын болдырмауды көздейді. Отырыс соңында елге инвестиция тарту жөніндегі Жол картасы қабылданды.

Хабар 24 телеарнасы