384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2018 жылы Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда көлемі 843 млн долларды құраған

  • 120
  • UPD: 23:37, 12.07.2019

Қазақстан мен Қырғызстанның ынтымақтастығы қашан да жоғары деңгейде болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дегенмен көрші елмен арадағы байланысты нығайта түсу артық етпейді. Бұл туралы бүгін Бішкекте Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин айтты. Үкімет басшысы қырғыз еліне ресми сапармен барып, екіжақты үкіметаралық 8 жиынға қатысты.

Қазақ елі мен Қырғызстан арасындағы ынтымақтастық аясын кеңейтіп, қос елдің қарым-қатынасын нығайта түсуге мүмкіндік мол. Қырғызстанның президенті Сооронбай Жэнбековпен болған кездесуде осы және өзге маңызды мәселелер айтылды. Стратегиялық әріптестер одақтастықты дамытуды екі жақтан да күшейтпек. Келіссөздер барысында көрші елдер арасындағы тауар айналымының көлемін ұлғайту жайы талқыланды. 2018 жылы бірлескен сауда көлемі 13 процентке өсіп, 843 млн долларды құраған.

Қырғыз жерінде өткен 8 үкіметаралық отырыста экономикалық байланысты нығайту жөніндегі 10 меморандумға қол қойылды. 

Хабар 24 телеарнасы