384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауғанстан СҚО-дан бидай сатып алуға мүдделі

  • 127
  • UPD: 15:09, 13.07.2019
Ауғанстан СҚО-дан бидай сатып алуға мүдделі

Солтүстік Қазақстанның сары алтынына Ауған елі сұрау салды. Шетелдіктер өздерінің мемлекеттік қорларын қамтамасыз ету үшін төрт жыл бойы бидай сатып алмақ ниетте.

Мұны өңірге жұмыс сапарымен барған Ауғанстан елшісі Мұхаммад Фархат Азими мәлімдеді. Жылдық сұраныс шамамен 1,6 миллион тоннаны құрап отыр. Сондықтан болашақта екі ел арасында арнайы меморандумға қол қойылмақ. Жалпы Ауған мемлекеті бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысының басты серіктесі. Мәселен биылғы жылдың 6 айында облыс 13 миллион АҚШ долларын құрайтын 60 мың тоннадан астам өнімді экспорттаған.

Хабар 24 телеарнасы