384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шетелдік инвесторлар қазақстандық стартап жобаларға қызыға бастады

  • 167
  • UPD: 23:47, 13.07.2019
Шетелдік инвесторлар қазақстандық стартап жобаларға қызыға бастады

Елордада үздік стартап жобалар анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Астана» халықаралық қаржы орталығында ұйымдастырылып жатқан аскелерациялық бағдарламаға қатысуға 160-ға жуық өтініш келіп түскен. Олардың осы күні 31-і іріктеліп алынды. Үш айға жуық уақытта тың идеясы барлар өзара тәжірибе алмасып, білікті мамандардан дәріс алыпты. Бүгін ұтымды деген жобалар отандық және шетелдік қаржыгерлердің назарына ұсынылды. Қазірдің өзінде белгілі бір жобаларға шетелдік инвесторлар қаржы бөлуге дайын отыр. Іріктелген бастамалардың біразы осы күні қолданысқа енгізілген. Осыған дейін 222 млн теңгеге жуық табыс тапқан олар акселерациялық бағдарламаның арқасында қосымша 47 млн теңге пайда көруге мүмкіндік алды.

Әділет Нұрғожин, Astana Hub халықаралық IT стартаптар технопаркінің атқарушы директоры:

– Былтырғы жобалардың арасынан бізде Сингапур елінің инвесторлары қатысқан. Сонымен қатар ресейлік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асып жатқан жобалар бар. Біз Astana Hub-тың төңірегінде халықаралық роутшоу бағдарламасы арқылы осындай ірі стартап жобаларды шетелдік инвесторлардың қатысуымен өтетін форумдарға алып шығуға көмектесеміз. 

Хабар 24 телеарнасы