386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық банк он төрт қаржы институтын тексереді

  • 192
  • UPD: 09:00, 16.07.2019

Ұлттық банк 14 қаржы институтын тексереді. Бұл жөнінде Бас банкир Президент  Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мәлімдеді. 

Ерболат Досаевтың айтуынша, тексеріс барысында Еуропалық Орталық банктің әдістері  пайдаланылмақ. Себебі бұл жүйе арқылы екінші деңгейлі банктердің төлем қабілеті мен  жұмыс істемей тұрған активтері анықталып, нақты экономика секторына ықпалы белгілі болады. Сарапшылар да бұл бастаманы қолдап отыр. Олардың пікірінше, қаржы секторын тексеру арқылы банктердің инвесторлар алдындағы ашықтығы артады.

Меруерт Махмұтова, экономист:

- Бүгінгі таңда 14 банк жалпы активтері  мөлшері банк секторының 87 пайызын құрастыратын  банктерде  осы активтері қандай, олардың  депозиттері, қаржылары, қаржы болса, кімді қаржыландырып жатыр дегендей сол жағынан жоспарда тұрған, жылдың басынан бастап жоспарда тұрған  жұмыс. Тамыз айында басталып, қараша айында дейін аяқталады. Сондықтан бұл жалпы банк секторын біраз тұрақтандыруына үлес қосатындай үміт бар.

Хабар 24 телеарнасы