386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбелік банктер әлеуметтік ахуалы әлсіз азаматтардың несиесін кешуге әзір

  • 202
  • UPD: 21:27, 17.07.2019

Ақтөбелік екінші деңгейлі банктер әлеуметтік ахуалы әлсіз азаматтардың несиесін кешуге әзір.

Ел Президентінің бұл тапсырмасын орындау үрдісі туралы ұлттық банктің өңірлік филиалы өкілдері мәлімдеді. Қазір қаржы институттары еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен жеңілдіктерге ие болған азаматтар тізімін күтуде. Бұған дейін бірнеше рет ескерту жасалғанымен банктердің табалдырығын тоздырып жүрген берешек азаматтар аз емес. Қаржы институтының хабарлауынша қауқарсыз азаматтардың қарызын кешу процедурасы автоматты түрде жүреді. Нәтижесін мамандар электрондық хатпен немесе қоңырау шалып жеткізетін болады. Айта кету керек биылғы жылдың қаңтар мен мамыр айы аралығында ақтөбеліктер 133 миллиард теңге несие рәсімдеген.

Жанат Айтбай, ҚР Ұлттық банктің  облыстық филиалының бөлім басшысы:

- ҚР Үкіметінің қаулысы шығу керек. Сол қаулының ішінде осы жарлықты іске асыру бойынша механизм болу керек. сол механизм бойынша әрі қарай жұмыс жүргізіледі. Күнделікті біздің жұмысымыз халықты консультациямен қамтамассыз ету. кеңестер беріп жатырмыз. Жарлықты түсіндіріп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы