386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Д.Трамп Қазақстанның уран импортына сауда шектеулерін енгізуден бас тартты

  • 247
  • UPD: 23:15, 17.07.2019
Д.Трамп Қазақстанның уран импортына сауда шектеулерін енгізуден бас тартты

2018 жылы шілдеде АҚШ Сауда министрлігі бастама етіп көтерген еліміздің уран импортына сауда шектеулерін енгізуден АҚШ Президенті Д.Трамптың бас тарту туралы қабылдаған шешіміне Қазақстан тарапының көңілі толып отыр.

Қазақстан мен АҚШ арасында энергетикалық сектордағы ынтымақтастықтың ұзақ әрі табысты тарихы бар, 28 жыл тәуелсіздік кезеңінде стратегиялық серіктестік деңгейіне жетті.

Екі жақты қатынастарды нығайтудың табысты тетіктерінің бірі энергетикалық әріптестік жөніндегі бірлескен комиссия болып табылады, оның шеңберінде ядролық қауіпсіздік, атом өнеркәсібі, мұнай және газ, жаңартылатын энергия көздерін және электр энергетикасын дамыту саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқылануда.

Қазақстан атом өнеркәсібіндегі екі жақты ынтымақтастықты дамытуға және таратпау режимін нығайтуға зор мән береді.

Екі жақты комиссиялар, іс-шаралар мен жеке кездесулер шеңберінде Энергетика, Сыртқы істер және Ұлттық экономика министрліктері ҚР ұлттық мүдделерін қорғау және уран импортына санкцияларды қолдануды болдырмау жөнінде жұмыстар атқарды.

Қазақстан Республикасы уран өндірісінде көшбасшы мемлекет және бүкіл әлем бойынша АҚШ-ты қоса алғанда АЭС-тің үздіксіз жұмыс істеу кепілдерінің бірі болып табылады.

Қазақстанда жер асты ұңғылма сілтсіздендіру әдісімен уран өндіру технологиясы МАГАТЭ-мен ең экологиялық және қауіпсіз тәсіл деп танылды.

Анықтама: Қазақстаннан АҚШ-қа табиғи уранның экспорты 2015 жылы 1153,5 тоннаны, 2016 жылы 1813 тоннаны құрады.

2017 жылы 948 тонна, бұл экспорттың жалпы көлемінің 4,1%-ін құрайды (23 258 тонна), 2018 жылы-399,8 тонна, бұл экспорттың жалпы көлемінің 1,95% - ін құрайды (20452 тонна).

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы