386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Мамин ірі мұнай жобаларының отандық қамтылуы жөнінде кеңес өткізді

  • 178
  • UPD: 23:36, 17.07.2019
А.Мамин ірі мұнай жобаларының отандық қамтылуы жөнінде кеңес өткізді

Атырау облысында жұмыс сапарымен жүрген ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ірі мұнай жобаларының отандық қамтылуына қатысты және мұнай-газ саласындағы машина жасауды дамыту жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеңесті ашқан Үкімет басшысы ірі жобалардағы операторлардың сатып алуларындағы жергілікті қамтудың үлесі өсіп келе жатқанын атап өтті.

«Жергілікті қамтылымды дамытуға қатысты нақты тауарлар бойынша алсақ ол жеткілікті көлемде пайдаланылмай келеді. Тауарлар сатып алуда жергілікті қамту Теңіз кенішінде 5%, Қарашығанақта 12%, Солтүстік Каспий жобасында 27,3% ғана. Бұл жағдай іс жүзіндегі шараларды қажет етеді, бұл жоба операторлары тарапына да қатысты», - деді Асқар Мамин.

Премьер-Министр жиынға қатысушылардың назарын құрал-жабдықтарды Қазақстанда өндіруге аударды.

«Мемлекеттік органдар ірі жобаларға тауар, жұмыс және қызмет сатып алуларда жергілікті тауар өндірушілердің тең дәрежеде қатысуына жағдай жасауы керек. Энергетика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктеріне сәйкесінше мемлекеттік органдармен осы міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті шараларды қабылдауды тапсырамын. Оның ішінде заңнамалық тұстары да бар», - деді Премьер-Министр. Отандық қамтылу мен мұнай-газ саласындағы машина жасауға қатысты мәселелерді талқылауға арналған жиынға бірқатар министр мен «Теңізшевройл» ЖШС, NCOC, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг», еліміздегі мұнай операцияларын жүргізетін компаниялардың басшылары қатысты.

Хабар 24 телеарнасы