386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда жоғары білікті мамандар тапшы – француз сарапшысы

  • 196
  • UPD: 10:37, 18.07.2019
Қазақстанда жоғары білікті мамандар тапшы – француз сарапшысы

Франция - еліміздегі негізгі инвесторлардың бірі.

Биыл күзде осы елде Орталық Азия нарықтарында жұмыс істейтін инвесторларға қолдау көрсететін компанияның кеңсесі ашылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы компанияның құрылтайшысы Стефан Луаридің айтуынша, Қазақстанда инвесторларға қолайлы жағдай жасалған. Дегенмен, әлі де шешімін таппаған мәселелер бар. Олардың бірі - жоғары білікті мамандар тапшылығы.

Стефан Луари, «Advantage Central Asia» компаниясының құрылтайшысы:

- Қазақстандық кәсіпорындардың ішкі және сыртқы нарықта бәсекелестікке қабілеттілігін дамыту керектігі туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дұрыс айтқан. Қазақстанда өндірілетін табиғи қорлардың көлемін арттырудың орнына толық циклді өндірісті дамыту қажет. Халықаралық деңгейдегі жоғары білікті мамандарды дайындау үшін университеттер арасында әріптестікті дамыту керек. Президент Тоқаев осының бәрін атап өтті. Қазақстан экономикасы дамып, елге құйылған тікелей инвестициялар өсетініне үлкен үміт артып отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы