386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеліктердің салық бойынша қарызы 500 млн теңгеге жуықтаған

  • 173
  • UPD: 07:25, 19.07.2019
Ақтөбеліктердің салық бойынша қарызы 500 млн теңгеге жуықтаған

Жеке тұлғалардың салығына қосылған өсім 25 шілдеден бастап шегерілуі тиіс.

Қазақстан Президентінің жарлығына сәйкес қарызы бар азаматтарға салықтық рақымшылық жарияланған болатын. Сәйкесінше бұл жеңілдіктер жер, мүлік және автокөліктің мемлекеттік төлемдеріне қатысты. Айта кету керек, тек Ақтөбе облысы бойынша қарыз көлемі 500 милион теңгеге жуықтаған. Бірінші кезекте азаматтар көлік салығын елемейтін көрінеді. Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің ақпаратына сәйкес  2019 жылдың 1 қаңтарына дейін ақтөбелік автожүргізушілер 221 миллион теңге қарыздар. Оның 64 миллионы дер кезінде төленбеуіне сәйкес қалыптасқан өсім.

Қаламқас Бердібаева, Ақтөбе облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы:

- 2019 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша дербес шотта есептелінетін өсімпұл сомалары есептен шығарылады. Сондай-ақ 2019 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңінде салық міндеттері бойынша туындаған бересі сомасына есептелген өсімпұл сомалары бересі сомасы төленген жағдайда есептен шығарылады.

Хабар 24 телеарнасы